Loridamin
ТАМАҚ АУРУЫ МАЗАЛАЙДЫ МА?
Ауырсынуды басатын және антисептикалық әсері бар қабыну мен тамақ ауруына қарсы ауыз спрейі1
Рецептісіз босатылады
Бүкіл отбасы мен 3 жастан бастап
балаларға қолдануға болады1

НЕЛІКТЕН ЛОРИДАМИН?

Оң қасиеттері

Ауыз қуысы мен тамақтағы ауыру синдромымен қатар жүретіндерді қоса, тітіркенулер мен қабыну жағдайларын симптоматикалық емдеу, сондай-ақ консервативті стоматологиялық ем-шаралардан кейін 1
Ұзын саптама
Дәріні қабыну ошағына тікелей жеткізуге мүмкіндік береді 1
Ауырсынуды басатын
Қабыну ошағында әрекет ету арқылы тамақ ауруын жеңілдетеді 1
Қабынуға қарсы
Ауырсыну мен қабыну көзіне тікелей әсер етеді 1
Бүкіл отбасыға арналған
Ересектер мен 3 жастан бастап балаларға қабылдауға болады 1
Препарат туралы
Лоридамин
Лоридамин® спрейі тамақтың қабыну ауруларымен байланысты ауырсыну белгілерін жеңілдету үшін қолданылады. Лоридаминнің® белсенді заты - бензидамин. 1 Бензидамин - қабыну ошағына еніп, тамақ ауруын азайта алатын қабынуға қарсы зат болып табылады. Бензидаминнің тамақ пен ауыздағы ауырсыну мен қабынуға қарсы тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденді.2
Рецептісіз босатылады
ЛОРИДАМИН ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?
Қабынуға қарсы әрекет етеді және тамақ ауруды жеңілдетеді
Егер тамақ ауруы жөтелмен бірге жүрсе,жөтелді қалай емдеу керектігі туралы біліңіз
Тамақ ауруын жеңілдетеді2
Қабыну ошағына енеді3
Иммунитетті сақтайды4
Бактерияларға, вирустарға және саңырауқұлақтарға қарсы әсер етеді5
Ересектер мен 3 жастан бастап балаларға қабылдауға болады1
Видео
Лоридамин туралы видеоны қараңыз
Фармакодинамика
Қолдану аймағы және жұмыс істеу қағидасы
Лоридаминді ® бірінші рет қолданар алдында біркелкі бүрку пайда болғанша бүріккішті бірнеше рет басыңыз.
*Күнделікті қолдану үшін
Спрейді көлденең ұстаңыз
1
Содан кейін сұқ саусағыңызбен бүрку түймесін басыңыз
2
Аузыңызды ашып, бүріккішті қабыну аймағына бағыттаңыз
3
Фармакодинамика
Дозалануы
Ауыз қуысы мен тамақтағы ауыру синдромымен (мысалы, гингивит, стоматит, фарингит) қатар жүретіндерді қоса, тітіркенулер мен қабыну жағдайларын симптоматикалық емдеу, сондай-ақ консервативті стоматологиялық ем-шаралардан кейін немесе тіс экстракциясынан кейін.1

3-тен 6 жасқа

дейінгі балаларға

1-4 бүрку.
әрбір 1,5-3 с

6-дан 12 жасқа

дейінгі балаларға

4 бүрку.
күніне 2-6 рет

Ересектер мен 12+

жастағы балаларға

4-6 бүрку.
күніне 2-6 рет
Маманмен кеңеспей, ұсынылған ең жоғары дозадан асырмау керек. Егер 3 күн ішінде хал-жағдайыңыз жақсармаса, дәрігерге көрініңіз.
Сұрақ-жауап
Жиі қойылатын сұрақтар
Қолдануға болмайтын жағдайлар қандай?
Белсенді зат бензидамин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық1
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға бола ма?
Жүкті әйелдерде бензидаминді қолдану туралы деректер жоқ. Лоридамин препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.1

Бензидаминнің адамның емшек сүтіне енуі туралы деректер жеткіліксіз. Лоридамин препаратын емізу кезеңінде қолдануға болмайды.1
Препараттың қандай жанама әсерлері бар?
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар1
Жиі емес
  • жарықсезгіштік
Сирек
  • аса жоғары сезімталдық реакциясы
  • ауыз қуысының шымылдауы, ауыздың құрғауы
Өте сирек
  • ларингоспазм
  • ангионевроздық ісіну, қышыну, есекжем, бөртпе
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
  • анафилаксиялық реакция
Нәрестені препаратпен емдеуге бола ма?
Препарат 3 жастан асқан балаларға тағайындалады1
Препарат рецептсіз босатылады ма?
Дәріханалардан рецептісіз босатылады1